«Орталық Азияның тарихи географиясы: уақыт, кеңістік, жады» II халықаралық конференциясы аймақтың тарихи географиясын қайта қарауға ықпал ететін жаңаша пайымдауларды талқылауға арналған. Зерттеуге деген қызығушылықтың артуына байланысты тарихи географияны зерттеу аясы да, әдістемесі де кеңейді. Инновациялық талдау тәсілдерін ұштастыру арқылы тарихи дереккөздерді қайта қарау ғылыми зерттеулерді жандандырып, түрлендіре түсті.

Конференцияның мақсаты – пәнаралық және көпсалалы әдістерді қолданып, аймақтың тарихи географиясына деген заманауи және жаңа көзқарастарды талқылау үшін динамикалық платформаны қамтамасыз ету. Конференция аймақтың тарихи эволюциясын, кеңістіктік қарқынын және ұлттық тарихты тереңірек түсінуді талқылау және насихаттау үшін отандық және шетелдік ғалымдарды ұйыстырады.

Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен №BR21882416 ғылыми бағдарламасы аясында өткізіледі.

Конференция тақырыптары

  • Қазіргі тарихи география және жаңа көзқарастар
  • Тарихи географияны қайта құру: дереккөзге негізделген көзқарас
  • Орталық Азияның картографиясы
  • Тарихи география және тарихи-мәдени мұраны жаңғырту
  • Орталық Азияның этникалық-лингвистикалық географиясы
  • Сауда жолдары, экономикалық география және аймақтық интеграция
  • Орталық Азияның қасиетті кеңістіктері мен діни географиясы
  • Орталық Азияның тарихи географиясындағы жады, бірегейлік және кеңістік
  • Жаңа технологиялар: дерек көздері, әдістері және GIS қолданбалары
  • Тарихи географияның басқа да мәселелері

Формат: Конференция негізгі баяндама, панельдік пікірталас және презентация түрінде гибридті форматта (онлайн және офлайн) өтеді.

Жұмыс тілі: қазақ, ағылшын, орыс.

Жариялану мүмкіндіктері: конференция материалдарының жинағы жарық көреді. Конференция жинағында жариялауға жолданған барлық баяндамалар ұсынылған нұсқауларға сәйкес рәсімделуі тиіс болып, екі сатылы сыннан және плагиатқа тексеру арқылы қабылданады.

Өтінім беру ережелері:

Конференцияға қатысу үшін eri-project@ayu.edu.kz электрондық поштасына 250 сөзден аспайтын өтінім мен аннотация жіберу қажет.

Конференция материалдарында жариялау үшін авторлар APA 7-ші басылым стиліне сәйкес кемінде 4000 сөзден тұратын түпнұсқа ғылыми мақала (әдебиет, кестелер мен суреттерді қоса алғанда) ұсына алады. Мақаланы eri-project@ayu.edu.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Ұсынылған жұмыстар тың түпнұсқа, бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда қаралмаған болуы керек.

Қатысу шарттары: Конференцияға қатысу тегін. Қатысушылар келу шығыны өздерінен. Жатын орын конференцияны ұйымдастырушылар тарапынан сұраныс бойынша қамтамасыз етіледі.

 Маңызды күндер:

  • Өтінім беру мерзімі: 2025 жылдың 11 мамыры.
  • Қабылдау туралы хабарлама: 2025 жылдың 19 мамыры.
  • Баяндама мәтінін тапсыру мерзімі: 2025 жылдың 30 маусымы.
  • Конференция күндері: 2025 жылғы 3 маусым.

 Байланыс ақпараты:

Сұрақтар мен өтінім беру ережелері бойынша мына электрондық поштаға хабарласаңуызға болады:

Альбина Муратбекова – a.muratbekova@ayu.edu.kz